Қытай құрамасындағы қазақ жігіті бокстан әлем чемпионатында қарсыласын екінші рет нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

Ташкенте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қытай құрамасында өнер көрсететін қандасымыз Тоқтарбек Таңатхан ширек финалға шықты, деп хабарлайды
Caravan.kz
медиа порталы.
80 келіде сынға түскен қазақ жігіті үшінші кездесуінде мысырлық Абдельгаввад Салахпен қолғап түйістірді.
Қытайлық боксшы қарсыласын екінші раундта нокаутпен жеңді.
Бұл – Тоқтарбек Таңатханның осы чемпионаттағы үшінші жекпе-жегі. Бұған дейін ол армениялық Амбарцум Акопянды ұпай санымен ұтса, екінші кездесуде марокколық Мохамед Ассагирді нокаутпен жеңген еді.
Енді Тоқтарбек жартылай финалға шығу үшін кубалық, екі дүркін олимпиада чемпионы Арлен Лопеспен таласады.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
3 қазан 2023