Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әзербайжан СІМ басшысы Киевке барып, украин сарбаздары рухына тағзым етті

kz.kursiv.media

Әзербайжан СІМ басшысы Киевке барып, украин сарбаздары рухына тағзым етті

6 тамызда Әзербайжан сыртқы істер министрі Жейхун Байрамов ресми сапармен Киевке барды. Теміржол вокзалында оны Украина СІМ басшысы Андрей Сибига күтіп алды.

Байрамов пен Сибига Украина еркіндігі үшін опат болған жауынгерлер құрметіне арналған мемориалға гүл қойды. Әзертадж агенттігінің хабарлауынша, министрлер бірге суретке түскен соң бетпе-бет кездесу өткізген. Ал содан кейін кеңейтілген құрамның жүздесуі өткен. Олар аймақ және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылаған.

Министрлер екі арасындағы одақтас қарым-қатынасты дамыту маңызды екенін атап өткен.

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы 13 шілдеде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев украин журналисі Дмитрий Городонға сұхбат беріп, соғысқа қатысты пікір айтқан.

«Басқыншылықпен ешқашан келіспеу керек. Украинаның дәл қазір жасап жатқан ісі де- осы. Былтырғы күрделі қиыншылықтарға қарамастан, Украина басқыншылықты қабылдамай отыр», – деген Әлиев.

Украина мен Ресей арасындағы соғыс 2022 жылғы 24 ақпанда басталды. Сол түні федерация армиясы көрші елдің аумағына басып кірді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар