Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мүгедектікті рәсімдемей-ақ есту аппаратын алуға болады

kz.kursiv.media

Мүгедектікті рәсімдемей-ақ есту аппаратын алуға болады

Есту қабілеті бұзылған қазақстандықтар мүгедектігі болмаса да, медициналық көрсеткіштер бойынша есту аппараттарын ала алады. Жаңа механизмді Денсаулық сақтау министрлігі әзірледі.

Ведомство барлық ұйымдастырушылық процедуралар аяқталғаннан кейін бүкіл ел бойынша мыңдаған пациент осындай көмекті пайдалана алатынына уәде береді.

Осы уақытқа дейін есту аппараттары есту қабілеті ауыр бұзылған мүгедектігі бар адамдардың бөлек санаттарына ғана тегін беріліп келді. Енді оларды алу құқығына сурдолог-дәрігер есту протездеуін тағайындаған барлық пациент ие болады.

«Есту реабилитациясын ерте бастау өмір сүру сапасын сақтауға, білім алу, қарым-қатынас жасау және әлеуметтік бейімделу мүмкіндіктерін жақсартуға көмектеседі», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті директорының міндетін атқарушы Жанар Сәдуаева.

Есту аппаратын алу үшін пациент сурдологтың тексеруінен өтуі қажет. Дәрігер есту қабілетінің төмендеу деңгейін бағалайды, қолайлы модельді таңдайды және медициналық қорытындыны рәсімдейді.

Жаңа жүйе есту аппаратын беруді ғана қарастырмайды. Оған сонымен қатар құрылғыны жеке таңдау және баптау, құлақ ішілік жапсырманы жасау, пациентті үйрету, сондай-ақ кепілдік және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсету кіреді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, есту қабілетін жоғалтудың әртүрлі деңгейіндегі пациенттерге арналған әртүрлі қуаттағы заманауи есту аппараттары модельдерінің тізбесі қалыптастырылып қойған.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда ым тіліне ресми мәртебе берілуі мүмкін екенін жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар