Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Күлтөбе қалашығының археологиялық мұрасынан сыр шертетін көрме ашылды

kz.kursiv.media

Күлтөбе қалашығының археологиялық мұрасынан сыр шертетін көрме ашылды

Ұлытау облысында «Күлтөбе қалажұрты: көне Түркістан тарихының бастауы» атты көшпелі көрме ашылды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпаратына қарағанда, экспозиция Күлтөбе қалашығының археологиялық мұрасын және Ұлы даладағы қала мәдениетінің қалыптасу кезеңдерін таныстырады.

«Көрмені Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейі «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығымен бірлесіп ұйымдастырды. Экспозицияға бірнеше тарихи кезеңді қамтитын 172 археологиялық жәдігер қойылған. Олардың қатарында I-IV ғасырларға жататын ошақтар, VII-VIII ғасырлардағы өрнектелген саптыаяқтар, XIV ғасырдағы құмыралар мен су құбырының түтіктері, сондай-ақ XVIII-XIX ғасырлардағы майшамдар мен тостағандар бар», – делінген мәліметте.

Министрліктің хабарлауынша, көрменің жеке бөлімінде Қоқан хандығы, Бұхара әмірлігі және Ресей империясы кезеңінде монеталар жинағы ұсынылады.

Көпшілік Қоқан мен Ферғана ақша сарайларында соғылған «Зарб Латиф Коканд», «Фулус джадид» жазуы бар дөңгелек және төртбұрышты фулустарды, сонымен бірге XIX ғасырдың соңындағы Ресей империясының теңгелерін тамашалай алады.

Іс-шара аясында Күлтөбе қалашығының тарихи-мәдени маңызы мен Түркістан тарихындағы орнына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Көрме бір ай бойы жалғаспақ.

Мұның алдында Түркістан облысының Сауран ауданындағы Сауран қалашығында ғылыми-реставрациялық жұмыстар басталған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар