Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Дастан Сәтбаев пингвиннің басынан сипап, балаша қуанды

kz.kursiv.media

Дастан Сәтбаев пингвиннің басынан сипап, балаша қуанды

«Челси» құрамында ойнайтын Дастан Сәтбаев Гонконгтағы Ocean Park-ке барды. Қазақ футболшысының пингвиннің басын сипап, бала қуанғаны туралы сурет әлеуметтік желілерде тарады.

Сурет Ocean Park Hong Kong саябағындағы «Penguin Expedition» (Пингвиндер экспедициясы) саябағында түсірілген. Дастан Папуа пингвинімен (Gentoo penguin) суретке түскен.

Айта кетейік, осы аптада «Челси» клубының ойыншылары Гонконг қаласындағы стадионда «Ювентуспен» жолдастық кездесу өткізіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Сәтбаев матчтың екінші таймында алаңға шықты.

«Челси» 8 тамызда Джакартада (Индонезия) «Милан» клубымен, ал 9 тамызда Джахорда (Малайзия) жергілікті «Джохор Дарул Тазим» командасымен жолдастық кездесу өткізеді.

12 тамызда Дастан Сәтбаев 18 жасқа толады. Сол күні оны «Челси» ойыншысы ретінде ресми таныстыруы мүмкін.

Гонконгқа сапары барысында қазақ футболшы жергілікті жанкүйерлермен суретке түсіп, қолтаңба таратқан. Оның қарапайымдылығына көпшілік сүйсінген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар