Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Нұрай Серікбай 35 пышақталғанда тірі жатқан: Сотта медсарапшы сөз сөйледі

kz.kursiv.media

Нұрай Серікбай 35 пышақталғанда тірі жатқан: Сотта медсарапшы сөз сөйледі

Шымкенттің мамандандырылған ауданаралық сотында Нұрай Серікбайды өлтіру ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті отырысқа қаза тапқан қыздың денесін тексерген сот-медициналық сарапшы Жанболат Пернебеков шақырылған.

Пернебеков марқұмның денесінде қандай жерлерден жарақаттар табылғанын көрсетті. Оның айтуынша, бойжеткеннің денесінен мойын, іш, кеуде қуысы және бет аймағынан көптеген сұғылып-кесілген жарақаттар табылған. Олардың сегізі денеге терең еніп, ішкі органдарды зақымдаған.

«Көптеген жарақаттардың, соның ішінде ішкі органдарға терең енген жарақаттардың болуына байланысты, олардың қайсысы өлімге тікелей себеп болғанын дәл айта алмаймын. Қаза болу бір минутта да, бірнеше минутта да орын алуы мүмкін еді», – деді Жанболат Пернебеков.

Ол бойжеткен барлық 35 жарақатты тірі кезінде алғанын атап өтті.

Сот отырысы шілдеде басталған. Сотталушы Шерхан Аймахаған осыған дейін Нұрай Серікбайға пышақ жарақатын қалай салғаны мүлдем есінде жоқ екенін, сол сәтте есінен танып, аффект күйінде болғанын айтты. Оған Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылды, егер судья кінәлі деп тапса, өмір бойына сотталуы мүмкін.

Нұрай Серікбайдың отбасы моральдық және материалдық өтемақы ретінде 10 млрд теңге сұрап отырғанын жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар