Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев Солтүстік Қазақстан жұртшылығын 90 жылдық мерейтоймен құттықтады

kz.kursiv.media

Тоқаев Солтүстік Қазақстан жұртшылығын 90 жылдық мерейтоймен құттықтады

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының құрылғанына 90 жыл толуына орай салтанатты жиынға қатысушыларға құттықтау жолдады.

Тоқаев өңірдің ел дамуындағы орны мен стратегиялық маңызына тоқталып, жергілікті тұрғындардың азық-түлік қауіпсіздігі мен өндірісті өркендетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.

Құттықтау мәтінінде аймақта ауыл шаруашылығымен қатар өңдеу өнеркәсібі мен машина жасау салаларының қарқынды дамып келе жатқаны, жаңа инвестициялық жобалардың іске асуы халықтың тұрмысын жақсартуға ықпал етіп отырғаны атап өтілді. Сондай-ақ, президент өңірдегі этносаралық татулық пен тұрғындардың жасампаздық қуатын айрықша атап өтті.

«Берекелі өңір барлық жетістікке азаматтардың жасампаздық қуатының арқасында қол жеткізіп келеді. Сіздер алдағы уақытта да ел игілігін еселеуге атсалыса бересіздер деп сенемін», – деді Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Мемлекет басшысы өңір жұртшылығына амандық пен толағай табыс тілеп, Солтүстік Қазақстан облысының өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар