Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандық UFC жауынгері Асу Алмабаев бірден үш лигада өнер көрсетеді

kz.kursiv.media

Қазақстандық UFC жауынгері Асу Алмабаев бірден үш лигада өнер көрсетеді

Қазақстандық UFC жауынгері Асу Алмабаев бразилиялық джиу-джитсу мен грэпплингке маманданған ACBJJ лигасымен ресми түрде келісімшартқа отырды.

Осылайша, ол аталған промоушенде бағын сынап жүрген Арман Царукян, Белал Мухаммад, Мовсар Евлоев, Забит Магомедшарипов, Юссеф Залал және Бенсон Хендерсон сияқты ММА жұлдыздарының қатарына қосылды.

Алмабаевтың ACBJJ лигасы аясындағы алғашқы жекпе-жегі қашан өтетіні әлі хабарланған жоқ.

Осыған дейін Асу Алмабаев екі америкалық лигада параллель түрде өнер көрсетіп келген еді. Ал қазір ол бір мезгілде үш лигада бағын сынайтын болады.

Асу 2023 жылдан бері әлемнің ең үздік аралас жекпе-жек лигасы саналатын UFC-де өнер көрсетіп келеді. Осы уақытқа дейін 8 жекпе-жек өткізіп, ең жеңіл салмақ дәрежесінің рейтингінде 5-орынға тұрақтаған.

RAF күрес лигасына Асу 2026 жылы қосылды, ал оның бұл лигадағы дебюттік жекпе-жегі 22 тамызға жоспарланған. Енді ACBJJ жаңадан келісімшарт жасасқан үшінші промоушені.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар