Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Грант иегерлері қандай университеттерді таңдады: ТОП-20 оқу орны

kz.kursiv.media

Грант иегерлері қандай университеттерді таңдады: ТОП-20 оқу орны

Қазақстанда 2026–2027 оқу жылына арналған білім беру гранты иегерлерінің таңдауы белгілі болды. Талапкерлер арасында ЕҰУ, ҚазҰҚПУ және ҚазАТУ көш бастаса, ҚазҰУ, Satbayev University, ҚБТУ және Нархоз да ең көп грант иегері түскен университеттердің қатарына кірді.

Грант иегерлері ең көп түскен университет – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Оған 4 500 талапкер грантпен қабылданған.

Екінші орында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті тұр — 3 900 грант иегері. Үшінші орынға Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті жайғасқан, оны 3 835 талапкер таңдаған.

Ал әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 3 496, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 3 175 грант иегері түскен.

Рейтингтің жоғарғы бөлігінде техникалық бағыттағы оқу орындары да көп. Satbayev University-ге 2 800, Қазақстан-Британ техникалық университетіне 2 545 талапкер грантпен қабылданған.

Astana IT University-ді 2 119, ал Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін 1 861 грант иегері таңдаған.

Сонымен қатар ТОП-20 қатарына М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Астана халықаралық университеті, ALT университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Бөкетов атындағы Қарағанды университеті және басқа да ірі оқу орындары кірді. Университеттердің ресми атаулары құжаттың ЖЖОКБҰ анықтамалығында көрсетілген.

Нархоз университетін 1 054 грант иегері таңдаған. Осы көрсеткішпен университет рейтингтің алғашқы жиырмалығына енді.

Жалпы алғанда, ТОП-20 университетке 45 мыңнан астам грант иегері тиесілі. Бұл барлық грант иегерлерінің шамамен 65%-ы. Қалған университеттерге жиынтық есеппен шамамен 24,4 мың талапкер түскен.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар