Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбе облысында көршісінен зорлық көрген 15 жастағы оқушы буллингке ұшыраған

kz.kursiv.media

Ақтөбе облысында көршісінен зорлық көрген 15 жастағы оқушы буллингке ұшыраған

Ақтөбе облысында 22 жастағы көршісі зорлаған 15 жастағы мектеп оқушысы интернетте буллингке ұшыраған.

Kriminal_kazakhstan ақпаратына қарағанда, бұл оқиға дүмпу тудырған соң ауылға блогерлер келіп, отбасының келісімінсіз қыз туралы видео жариялаған. Осыдан кейін интернетте мазақтау мен қудалау басталған. Бұл туралы жәбірленушінің туыстары айтқан.

Қолданушылар қорлау сипатындағы пікірлер қалдырып, оқушы қызды кінәлап, «жаман» деп атаған және оны ішімдік ішеді, темекі шегеді әрі жігіттермен кездеседі деп айыптаған.

Туыстарының айтуынша, осы қудалаудың салдарынан қыз қатты психологиялық күйзелісті бастан кешіріп отыр. Үйден қашып кеткісі келген, тіпті өзіне қол жұмсау туралы да айтқан. Отбасы буллинг фактісі бойынша полицияға арызбен жүгінуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар отбасының айтуынша, күдіктінің туыстары кешірім сұрап, ақша ұсынған. Тіпті қызды күдіктіге тұрмысқа беруді де ұсынған. Алайда отбасы Бұдан бас тартып, тек заң аясында әділ жазаға қол жеткізетінін мәлімдеді.

Қоғамдық дүмпуден кейін күдікті ұсталды. Қазір ол қамауда отыр, тергеу «зорлау» бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар