Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Зумерлер таңдауы: 2026 жылдың ең үздік қалалары таңдалды

kz.kursiv.media

Зумерлер таңдауы: 2026 жылдың ең үздік қалалары таңдалды

Time Out журналы 30-ға толмаған мыңдаған жастың арасында сауалнама жүргізіп, әлемнің ең үздік қаласын таңдаған. Көш басында Жапония астанасы Токио тұр.

Жас буын Токио өмір сүру үшін ең жайлы қала деп тапқан. Мұнда инфрақұрылым дамыған, қоғамдық көлік жақсы жүреді, мәдени өмірге бай, көңіл көтеретін орындар да көп. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің барлығы дерлік Токиода күнделікті өмірдің өзі бақыт сыйлайды деп есептейді.

Рейтингтегі екінші орында – Португалиядағы Порту қаласы. Жастар бұл орынды ең әдемі қала деп бағалады. Ал үштікті Мелбурн қорытындылайды. Зумерлер Мельбурнның гастрономиясы мен мәдени өміріне жоғары балл қойды.

Зумерлер сондай-ақ Эдинбург (Шотландия), Шанхай (Қытай), Нью-Йорк (АҚШ), Берлин (Германия), Бангкокты да (Таиланд) ең үздік қалалар тізіміне жатқызды.

Зумерлер (немесе Z буыны / Gen Z) – шамамен 1997–2012 жылдар аралығында дүниеге келген адамдар. Олар қазір 14-29 жас аралығында, қоғамдағы жас буын деп есептеледі.

Оқи отырыңыз: Алматы Орталық Азиядағы ең қымбат қала атанды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар