Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан шахматшысы Бибісара Асаубаева Қытайдағы турнирде күміс алды

azattyq.org

Қазақстан шахматшысы Бибісара Асаубаева Қытайдағы турнирде күміс алды

Қазақстанның 18 жастағы шахматшы қызы Бибісара Асаубаева Қытайда өткен The Belt and Road 2023 to World Chess Woman’s Summit турнирінде екінші орын алды. Бұл жөнінде Sports.kz. басылымы хабарлады.Бибісара Асаубаева турнирде бірінші орын алған Әзербайжан өкілі Гюнай Мамедзаде секілді 8,5 ұпай жинаған, бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша екінші орынға түскен."Жексенбіде Қытайдағы турнирде ойнап үлгердім. Ұтылған жоқпын, кемі бір ұпай көбірек алатын мұмкіндігім болды. Өкінішке қарай тай-брейк ойналмайды, үшінші қосымша (жеңіс саны) бойынша екінші орын алдым. Келер жолы ұтқан партияларды көбейте түсу керек", — деп жазды Асаубаеваның өзі Instagram парақшасына.Желтоқсан айының соңында Бибісара Асаубаева Алматыда өткен әлем чемпионатында алтын медаль алып, шахматты жылдам ойнаудан әлемнің екі мәрте чемпионы болған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар