Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шешендік сөздер: Ел баласы екенсің

bilimdiler.kz

Шешендік сөздер: Ел баласы екенсің

Шешендік сөздер: Ел баласы екенсіңШу өзенінің Балқашқа жақын жайылымына бұдан көп жыл бұрын үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, бәтуаласа алмай отырғанда, топқа еріп келген он бес жасар Төле билік айтушылардың бірде - біріне көңілі толмай:Ақты ақ деп бағалар,О, игі жақсы ағалар.Өзегі талса ел біткен,Өзен бойын жағалар, -деп сөз бастай бергенде: «Ата тұрып ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен буз» деуші еді. Мына бала кім өзі? – дейді төрдегі би. Төле қасқая қарап:- О, би аға, он үште отау иесі демес пе,Кінәлімін бе келіп қалсам он беске?Сөз сөйледім, бұйыра көрменіз айыпқа,Ала көз болу ағайын адамға лайық па?О, игі асқар тауымыз,Әділ ме осы дауымыз?Жар астында тұрғанда,Жасырынып жауымыз?..дейді. Сонда төрдегі би:- Қой асығы демендер,Қолына жақса, сақа ғой,Жасы кіші демендер,Ақылы асса, аға ғой, -деген екен.- Балам, ағалық билікті саған бердім, - дейді. Бала Төле жұлып алғандай:- Сары табақтан сарқыт қайтады деген. Билікті маған берсеніз, Шу өзенінің оң жағын арғын, сол жағын үйсін жайласын,- деп билік айтады.Бұл шешімге екі жақта риза болып, бітімге келеді. Сонда төрдегі би:Үй балсыма деп едім,Ел баласы екенсің.Ай маңдайлы арысым,Талабың алдан өтелсін.Ауылыңнын таңы бол,Маңдайдағы бағы бол,-деп, бала Төлеге бата берген екен. Осыдан бастап Төленің аты шығып, ел арасыңдағы дау - жанжал, келіссөзге араласып, билік айта бастапты.әзірлегенБегімхан КЕРІМХАНҰЛЫМ. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғаліміПавлодар қаласыҚазақстан Журналистер Одағының мүшесі
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024