Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шыңғыс хан туралы

bilimdiler.kz

Шыңғыс хан туралы

Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздарШыңғыс ханШыңғыс хан – көптеген түркі - монғол халықтарының мифологиялық қаһарманы. Оның бейнесі ақиқат тарихи тұлғадан, ХІІ ғасырдағы қолбасшы, монғол империясының негізін қалаушыдан бастау алған. Шыңғыс ханның тегі Көктен жаратылған делінеді. Өз заманында Шыңғыс ханға табынуды монғол империясында жиһангердің немересі – Юань әулетінің негізін салушы Құбылай заңдастырған.Мифологиялық Шыңғыс хан ата - баба аруақтарын қастерлеу дәстүріне үйлестіріп енгізілген. Шыңғыс хан монғолдың ұлы хандары әулетінің ұлы бабасы деп жарияланған, оған «Сегіз ақ шатыр» деген атпен белгілі ғибадатхана орнатылған.Шыңғыс ханның жалпы құдіретіне оның туға айналған әскери данышпандығының құдайы – сүлде ерекше орын алады. Әсіресе, Цаган сүлде – Ақ Ту және Қара сүлде – Қара ту айрықша құрмет тұтылды. Шыңғыс ханның туларына арнап ғибадатханалар салынды, құрбан шалу жорасы ойластырылды. Цаган сүлде мен Қара сүлде – Шыңғыс ханның нақты жақын серіктерінің ойдан шығарылған аттары деген жорамал да бар. Шыңғыс ханның құдіретіне сай оның отбасы мүшелеріне: анасына, әйелдеріне, ұлдарына және басқа туыстаына табыну орын алған.Шыңғыс ханның бейнесі XVI – XVIII ғасырларда ламаизмнің таралуына байланысты өзгерістерге ұшырады. Аңыз бойынша, Шыңғыс ханды қаһарлы құдай тағынан панчен - лама (будда дінінде құдай дегенді білдіреді) түсіріп, оның құрметіне қан шығарып құрбан шалуға тыйым салған. Шыңғыс ханның сүйегі қойылған табытты бекітіп, кілттерін Тибетке алып кеткен. Шыңғыс хан монғол буддизмінің желеп - жебеуші құдайларының қатарында болды. Бірқатар дұғаларда оған анттың ақ әулиесі ретінде сыйынады. Ламашылдық дәстүр Шыңғыс ханның ата тегін мифтік үнді патшасы Маха Самадиден таратады.Монғол тектес халықтардың мифтерінде Шыңғыс хан мәдени қаһарман, яғни кейбір үйлену тойларының салт - жораларын белгілеуші, арақты, қымыз бен темекіні ойлап шығарушы, ұсталық кәсіптің және т. с. с қамқоршысы ретінде көрінеді.Топонимикалық сюжеттер жер - су атауларының шығуын өмірде болған Шыңғыс ханның харекет - қызметіне негіздеп түсіндіреді. Мысалы, Алтын - өлгей – «алтын бесік» - оның дүниеге келген жері. Тогон - Чулун – «тас қазан» және Санага – «ожау» шеріктерінің зат ұмытып қалдырған жерлері. Деш тауы (төс) – Шыңғыс ханның темір соққан жері. Бір аяғымен Чикой өзенінің оң жағасын, екінші аяғымен сол жағасын басып тұрып, өзенге сол жағасын басып тұрып, өзенге өзінің қаруын суарған. Бірқатар мифтер Шыңғыс ханның ықтимал қабірі болуға тиісті орынға арналған. Ол орын әдейі бұрылған өзен арнасында, жалпымонғолдық қасиет - киеге баланатын Бурхан - Халдун тауының үңгірінде. жиған - тергенБегімхан КЕРІМХАНҰЛЫМ. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғаліміПавлодар қаласыҚазақстан Журналистер Одағының мүшесі
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024