Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Күй аңызы: Қаратау шертпесі

bilimdiler.kz

Күй аңызы: Қаратау шертпесі

Күй аңызы: Қаратау шертпесіӘдетте, Сүгір күй тарту алдында әуелі «Қаратау шертпесін» шертіп бастаған деседі, көнекөздердің айтуына қарағанда, бұл күйді автордың өзі «Құлақ күйі», (осы аттас күйі де бар, сирек орындалады) «Күй басы» деп атаған, кейін күй өнеріне «шертпе» деген сипаттама енгеннен кейін «Қаратау шертпесі» деген атпен тарай бастады, Төлеген Момбеков, Генерал Асқаров сияқты шәкірттері де осылай атауға бейім болды.«Қаратау шертпелерінің» мазмұны домбыра ұстаған кездегі алғашқы шабыт шақыру сәтінің көріністері. Солай бола тұра мұнда туған жердің табиғаты, Қаратаудан аққан мың бұлақтың сылдырындай келіскен сарын екі немесе үш рет қайталана тартылады, қайырмасының да қайталануы осынша болуы мүмкін, қысқаша айтқанда, нағыз импровизациялық еркіндікте шығарылған шешен сөздер түйдегі, күйшінің көпшілік алдында шешіле сөйлеуі... Бұл күйлердің шертілу мінезіне келетін болсақ, негізінен кәдімгі қазақы көсем қағыс пен ілме қағыстан тұрады.«Қаратау шертпелері» варианттық емес, циклдық формада шығарылған, яғни тараулы күй тобына жатады. Бұл күйдің Төлеген Момбеков, Атабек Асылбеков, Генерал Асқаров шерткен тараулары бізге жетті. Құлақ күйінің тараулары - негізінен үш күйден тұрады, ел ішінде басқа түрлері де бар, бірақ олар осы үш күйдің маңайындағы варианттары болып табылады.Төлеген Момбеков шерткен «Қаратау шертпесі» бірінші тарауы болып табылады, бұл Сүгірдің жас кезінде Сарыарқада шығарған туындысы деп жобалауға болады, себебі сол кезеңде көп тараған Арқа әндерінің сарынымен шыққаны бірден көрініп тұрады, мұны күйдің бастау мақамы мен қайырмасынан анық аңғаруға болады. Бұл жерде күй мен әндегі сарындардың әуендік өзектері ұқсас, себебі күй мен әнге ортақ болып тұрған мелодияның сол кезеңде кең тараған композициялық үлгіден бастау алатынын айту міндет. Сондықтан осындай қайырымда жаратылған халықтық саздардың аспаптық және вокалдық өнерге ортақ болғанын ескере кеткен абзал.әзірлегенБегімхан КЕРІМХАНҰЛЫМ. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғаліміПавлодар қаласыҚазақстан Журналистер Одағының мүшесі
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024