Алматының қоғамдық көлік жолақтарында енді басқа да көліктер заңды түрде жүре алады

Алматыда қоғамдық көлік жолақтарындағы жол қозғалысында өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. "Крис пи Алматы/Казпресс.кз" телеграм арнасында «Райымбек батыр даңғылындағы автобус жолағында басқа да автокөліктерге жүруге рұқсат етілді» деген ақпарат тараған болатын. Осыған орай, ҚазАқпарат тілшісі Алматы қаласының мобильділік басқармасына ресми сауал жолдаған еді. Басқарманың жауабына сәйкес, Алматы қаласының Райымбек батыр даңғылы бойында (Саин көшесінен Яссауи көшесі аралығы) қоғамдық көлік жолақтарындағы жол қозғалысына өзгерістер енгізілген. «Бұл 5.9 «Маршруттық көлік құралдарына арналған жолақ» жол белгісіне қосымша 7.5.6 «Қолданылу уақыты» (7:30-9:30 және 17:00-20:00) ақпарат белгісін (тақтайша) орнату арқылы және фото-бейнетіркеу камераларын қайта баптау арқылы іске асты. Айта кетейік, бұл өзгеріс ҚР Президентінің 2021 жылдың сәуір айындағы «қалалар ішінде автокөлік ағынын тиімді құру жөнінде шаралар қабылдау туралы» тапсырмасы мен демалыс күндері және «пик сағатынан тыс» арнайы бөлінген автобус жолақтарын пайдалану мәселесін шешу аясында орындалды», - делінеді басқарма хабарламасында. Сондай-ақ, басқармадан бұл жоба пилоттық режимде алғаш рет жасалып тұрғанын хабарлады.
- Соңғы
- Сәуір, 23
-
- Сәуір, 10
-
- Наурыз, 24
-
- Ақпан, 26
-
- Қараша, 28
-
- Қараша, 01
-
- Қазан, 25
-
- Қазан, 20
-
- Қазан, 15
-
- Қыркүйек, 27
-
- Қыркүйек, 20
-
- Қыркүйек, 11
-
- Тамыз, 29
-
- Тамыз, 15
-
- Шілде, 31
-
- Шілде, 26
-
- Шілде, 22
-
- Мамыр, 08
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
5 шілде 2025
5 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар