Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қытайлық ғалымдар 6G желісінің қаупі туралы айтты

alashainasy.kz

Қытайлық ғалымдар 6G желісінің қаупі туралы айтты

Қытай ғалымдары 6G желісінде қолданылатын терагерц толқындарының әсері туралы айтып берді. Сөздерінше, терагерц толқынының сәулесінен ми жасушаларының өлшемі үлкеюі мүмкін, деп хабарлайды South China Morning Post басылымы. Сынақ кезінде ғалымдар 100 микроватт толқынымен Петри тостағанындағы тышқан нейрондарын сәулелендірген. Нәтижесінде терагерц сәулеленуінің ең төменгі дозасы GluA1, GluN1 және SY-38 ақуыздарының бөлінуі мен белсенділігін арттыратыны анықталды. Аталған ақуыздар нейрондардың үлкеюіне әсер етеді. Терагерц толқындардың жиілігі 5G желісінде қолданылатын милиметрлік толқындардан әлдеқайда жоғары. "Терагерц толқындар ақуыздармен байланысып, оларды тербеліске түсуге мәжбүрлей алады", – деді зерттеудің жетекші маманы Ли Сяоли. Нейрондар өзгеріссіз қалғанымен, толқынның әсері ғалымдарда алаңдаушылық тудырған. Терогерцтік сәулеленудің кәрі тышқандар миына әсерін анықтау мүмкін болмаған. Дегенмен ғалымдар нақты қауіп туралы айтпас бұрын 6G желісін қосымша тексеру керегін айтады. Сонымен қатар мамандар Ресей ғылым академиясының 2009 жылғы зерттеуіне сілтеме жасаған. Мұнда тәулігіне бірнеше сағат терагерц сәулеленуінің ми жасушаларында температураның көтерілуіне әкеп соғатыны айтылады. Зерттеу барысында сәулоеленудің әсері тұрақты болмағаны анықталған. Алғашқы сәулененуден соң бірнеше күннен кейін жасушалардың өсуі жылдамдығы баяулаған. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024