Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жасанды интеллект арқылы қазақ тілінен және қазақ тіліне аударма жасалады

almaty-akshamy.kz

Жасанды интеллект арқылы қазақ тілінен және қазақ тіліне аударма жасалады

Акустикалық талдаудың көмегімен жасанды интеллект Паркинсон ауруын, психикалық бұзылыстарды, тіпті кейбір жүрек қан-тамыры сияқты бірқатар неврологиялық дерттердің де даму ықтималдығын дауыспен-ақ анықтай алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап. Дәстүрлі емес бейне саундтректерін жасанды интеллект арқылы автоматты түрде аударудың жаңа әдісін әлем компаниялары айналымға дендеп енгізе бастады. Осы салада қызмет көрсетіп келе жатқан украиналық фаундерлердің көмегімен құралған швейцариялық компания енді қызметін қазақ тілінде де ұсынатын болды. «Бұл жасанды интеллект арқылы кез келген бейнені 67 тілге және 60 диалектіге аударуға мүмкіндік жасалған. Жақсы жаңалықтың бірі сол – енді материалды қазақ тілінен де, қазақ тіліне де аударуға болады. Біз ірі компаниямыз және жеке тұлғалармен жұмыс жасаймыз», - дейді Украина өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағының вице-президенті, жоба құрылтайшысы Денис Красников. Жасанды интеллект бейне жазбаның жүзден 99 пайыз дәл аудармасын сол мезетте ұсынады әрі аударма даусы қазақы қоңыр мақамда. Құрылтайшылардың айтуы бойынша, мұндай робаттар қаржы мен уақыт үнемдеуде де мол септігін тигізбек әрі нарықтағы дәстүрлі аудармаға қарағанда жұмысы жиырма пайызға арзан. Бірақ жоба мақсаты – қаражатта ғана емес, мақсат – ұлттық тілдерді дәріптеу, - дейді Vidby құрылтайшылары. «Біздің компанияның миссиясы – аударма кезінде әлем халықтарының тілдік тазалығын сақтау, бейнеконтентті дамытуға жағдай жасау және ең бастысы - ана тілде білім алуға мүмкіндік ұсыну», - дейді Украина өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағының вице-президенті, жоба құрылтайшысы Денис Красников. Дәл әрі сапалы берілетін аудармаға қоса, бағдарламалық құрал дыбыстық файлдан кез келген шу мен музыканы автоматты түрде өзі алып тастап, жасанды интеллект арқылы адам сөзін анықтап, оның аудармасын дыбыстай алады. Бұл ретте оған онлайн редактор көмекке келмек, бұл видеодағы диалектілер мен бірегей атауларды аудару кезінде қолданылады. Тағы бір мүмкіншілік – SubRip субтитрі, осы қосымша арқылы жоғары сапалы субтитрлерді жасауға жағдай жасалған, бұл қызмет қосымша ақысыз қолжетімді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024