Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Семейде заманауи робототехника орталығы ашылды

inform.kz

Семейде заманауи робототехника орталығы ашылды

Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Семейде робототехника орталығы ашылды. Заманауи орталықтың салтанатты ашылуына аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев, демеушілік көрсеткен «Сәби» қорының негізін қалаушылар Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышев қатысты. Робототехника орталығы «Activepanel AP75» сенсорлық моноблогымен, радиобасқарылатын үлгілерді жасауға арналған робототехникалық жинақпен, модельдерді құюға арналған «CREATOR Pro» 3Д принтерімен, роботтардың футбол ойнауына арналған алаңдармен және инфроқызыл доптармен жабдықталған. Әкім балаларды жаңа технологияларға тартудың маңыздылығын атап өтті. «Осындай цифрлық орталықтың ашылуы облыс балалары үшін өте маңызды. Өйткені робототехника – болашақта мүмкіндігі зор бағыттардың бірі. Біз кәсіпкерлермен балаларға жаңа білім алуға және өз әлеуетін іске асыруға көмектесетін барлық жобалар бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз», - деді Нұрлан Ұранхаев. Орталықтың жалпы ауданы - 75 шаршы метр. Жобаның құны 26,3 миллион теңгені құрады. Робототехникаға барлық қалаған оқушылар тегін бара алады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024