Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан автокөліктері мұнан былай "Еуро-0" экостандартымен шыға береді

azattyq.org

Қазақстан автокөліктері мұнан былай  Еуро-0 экостандартымен шыға береді

Қазақстан автокөліктерге қойылатын экология талаптарын 1990 жылдардың деңгейіне түсірді."Қазақстан Республикасы аумағында өндірілетін жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 22 қазанда жарияланған үкімет қаулысы бойынша, Қазақстанда автокөлікті ең төменгі"Еуро - 0-ге" дейінгі экологиялық талаппен шығаруға болады.Бұл өзгеріс бойынша, қауіпсіздік жастығы, антиблок жүйесі, тежегіш кезінде доңғалақты блоктамау тетігі, жедел қызмет шақырғыш құрылғысы болмаса да автокөлік шығаруға рұқсат етіледі.Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойған жаңа ереже 15 қарашадан бастап күшіне енеді. Батыс санкциясы қатайған шақта биыл мамыр айында Ресей де осыған ұқсас шешім шығарған.Еуразия экономика кеңесі биыл сәуір айынан бастап 2023 жылдың 1 ақпанына дейін автокөлікті Еуразия экономика кеңесі техникалық регламентінің бірыңғай талаптарынан өзге ұлттық заңнама талаптары бойынша автокөлік шығара беруге рұқсат берген.2021 жылы Қазақстан билігі Қостанай қаласында "Лада" көлігін шығаратын бірлескен зауыт салатынын хабарлаған. Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарына қарағанда, "жеңілдетілген комплектация талаптарының Hyundai сияқты шетелдік маркаларға қатысы болмайды.Батыс елдерінде "Еуро-0" 1992 жылға дейін, "Евро-1" 1995 жылға дейін қолданыста болған. Қазақстан "Еуро-2" стандартынан төмен көлікті елге әкелуге 2009 жылы тыйым салған. Одан бері жоғары халықаралық экологиялық талаптар қоя бастаған еді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024