Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жасанды интеллект біраз маманды жұмыссыз қалдыруы мүмкін

kaz.365info.kz

Жасанды интеллект біраз маманды жұмыссыз қалдыруы мүмкін

Жұмыс таңдап жүргенде, жұмыссыз қалуыңыз мүмкін. Жасанды интеллект дамыған сайын кей мамандықтар қажетсіз болады, деп хабарлайды https://kaz.365info.kz/ ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап. Microsoft компаниясының зерттеуіне қарағанда, ең үлкен қауіп гуманитарлық салаға төніп тұр. Аудармашылар, тарихшылар мен жазушылардың міндетін нейрожелі қазірдің өзінде атқарып отыр.

«Мәселен, аудармашылардың жұмысының 98, тарихшылар, математиктер мен редакторлардың 90 пайыздан астам жұмысын жасанды интеллект істей алады», – деп хабарлады телеарна.

Стюардессалар мен кондукторлардың жұмысында дауыстық нұсқаулардан бастап жолаушыларға жеке қызмет көрсетуге дейінгі функциялар да автоматтандырылады. Алмастыру қаупі жоғары кәсіптер тізіміне сауда өкілдері де кірді. Ал, жасанды зерде алмастыру қаупі төмен жұмыс топтарына десаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, құрылыс және тау-кен өнеркәсібі сынды мамандықтар кіреді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қазан 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар