Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

TERRA FASHION көрме-жәрмеңкесі өтті

kz.otyrar.kz

TERRA FASHION көрме-жәрмеңкесі өтті

Шымкентте сән мен өнер тоғысқан ерекше жәрмеңке өтті. Орталық саябақта бесінші рет TERRA FASHION көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мұнда жергілікті дизайнерлермен қатар, жақын шетелден келген шеберлер де өз жұмысын таныстырды. Ашық аспан астындағы іс-шарада қандай бұйымдар көптің назарын аударды? Алдағы сюжетте айтамыз.

Шымкенттегі Орталық саябақта TERRA FASHION көрме-жәрмеңкесі өтті. Шара «поп-ап» форматында ұйымдастырылған. Мұнда қонақтар авторлық тәттілерден дәм татып, бірегей дизайнерлік бұйымдарды тамашалап қана қоймай, көңілі қалағанын сатып алуға мүмкіндік алды.

ИРИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Мұнда этникалық нақыштағы сөмкелер бар екен. Мен этникалық стильді өте жақсы көремін. Өзіме ұнайтын сөмкені іздеп жүрмін. Барлығы көздің жауын алатындай әдемі екен»

Бұл көрме – танымал брендтер мен жас кәсіпкерлер үшін өз еңбегін танытатын үлкен алаң. Мұнда тәжірибелі дизайнерлермен қатар, шығармашылық жолын енді бастаған шеберлер де өз бұйымдарын көпшілікке ұсынды. Қатысушылардың арасында Шымкенттен бөлек, жақын шетелден арнайы келгендер де бар. Көрменің ауқымды әрі сапалы деңгейде өтуіне қала әкімдігі мен креативті индустрия өкілдерінің қолдауы мүмкіндік берді.

НҰРЖАНАТ ДОСАЕВА, TERRA FASHION КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ: «Жобаның мақсаты – жергілікті кәсіпкерлерге, қолөнер шеберлері мен дизайнерлерге өз өнімдерін қала тұрғындарына таныстыруға мүмкіндік беру. Сонымен қатар шымкенттіктерге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлау. Көрмеге Маңғыстау облысынан, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан да қатысушылар келді. Биылғы бесінші маусымымыз мектеп тақырыбына арналды. Яғни, Back to School ұранымен өтіп жатыр»

Айта кетсек, қалада үш жаңа қоғамдық кеңістік пен көпшілікке танымал «Шымқала» этноауылы бой көтерді. Қазір мегаполисте халық серуендеп, тынығатын оннан астам ірі саябақ пен сквер бар. Жаз бойы бұл орындарда түрлі мәдени шаралар мен қызықты басқосулар ұйымдастырылып, қалаға ерекше ажар беріп келеді. Әсіресе демалыс күндері саябақтардағы тіршілік қыза түседі.

ЛАУРА БАБАС

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар