Zeekr 7X көлігі зарядтау стансасында өртенді - компания мәлімдеме жасады
Zeekr компаниясы Қытайда зарядтау станциясының маңында өртенген 7X электрлі кроссоверіне қатысты ресми мәлімдеме жариялады.
Сarnewschina ақпаратына қарағанда, оқиға 9 тамызда Нинбо қаласында болған. Зардап шеккендер жоқ, өрт сөндірушілер жалынды дер кезінде өшірген.
Оқиға кезінде Zeekr 7X зарядтау станциясына қосылмаған. Әлеуметтік желілерде тараған видеодан көліктің кенеттен қатты дыбыспен тұтанғаны көрінеді. Кейін одан түтін шығып, жарылысқа ұқсас дыбыстар естілген, кузовтан ұшқын мен жалын шыққан. Алайда көлік толықтай өртеніп кетпеген.
Zeekr компаниясының алдын ала тергеуіне сәйкес, бұл 7X бұған дейін ауыр жол-көлік оқиғасына түскен. Көлік ресми сервистік орталықтардың бірінде тексерілмеген және жөндеуден өтпеген. Қазіргі уақытта өрттің нақты себебі анықталып жатыр.
Компания апаттан кейін аккумулятор батареясын, жоғары вольтты жүйені және шанақ құрылымын міндетті түрде тексеріп, бағалау қажет екенін ескертті. Тиісті диагностика мен жөндеу жүргізбеу қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін.
Zeekr сонымен қатар пайдаланылған электр көлігін сатып аларда оның жол-көлік оқиғалары мен жөндеу тарихын тексеруге, сондай-ақ аккумуляторы мен жоғары вольтты жүйесінің жағдайын мұқият бағалауға кеңес берді.
Компанияның мәлімдеуінше, 7X көлігінің өртену себебі әзірге анықталған жоқ.
Айта кетейік, Zeekr 7X – Еуропа, Орталық Азия, Латын Америкасы, Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия сияқты нарықтарда сатылатын жаһандық модель. 2025 жылы көлік Euro NCAP қауіпсіздік сынақтарынан бес жұлдыз алып, ересек жолаушыларды қорғау бойынша 91%, ал балаларды қорғау бойынша 90% нәтиже көрсеткен.
Мұның алдында Қазақстанға келген Zeekr 9X көлігі 30 сағатқа бұғатқа түсіп қалған еді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 09
-
- Тамыз, 08
-
-
-
-
- Тамыз, 07
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
10 тамыз 2026