Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бюджетте ҚҚС жоспары орындалмай жатыр: жеті айда 457 млрд теңге жетпеді

kz.kursiv.media

Бюджетте ҚҚС жоспары орындалмай жатыр: жеті айда 457 млрд теңге жетпеді

Қаржы министрлігі бюджет статистикасын жариялады. Ағымдағы жылдың 1-ші тамыздағы республикалық бюджет есебінде кірістердің жалпы орындалуы жаман емес көрінеді: есепті кезең жоспары 12,5 трлн теңге болса, нақты 12,4 трлн теңге түскен. Орындалуы – 99,0%. Яғни жалпы кіріс жоспарына шамамен 124,3 млрд теңге жетпей тұр.

Ең үлкен проблема ҚҚС-та байқалады. Жоспарланған 4,7 трлн теңгенің орнына 4,3 трлн теңге түскен. Орындалуы небәрі 90,3%, жоспарға 456,9 млрд теңге жетпеген.

ҚҚС ішіндегі негізгі үш үлкен бағыт та жоспардан төмен:

Яғни мәселе тек ішкі тұтынуда емес, импорттан түсетін ҚҚС та жоспарға жетпей отыр. Қызығы, шетелдік компаниялардың электрондық саудасы мен онлайн-қызметтерінен түсетін ҚҚС керісінше жоспарды қатты асыра орындаған – 172,5%. Бірақ оның көлемі жалпы ҚҚС ауқымында шағын.

Корпоративтік табыс салығы бойынша жағдай ҚҚС-қа қарағанда әлдеқайда жақсы. 1 тамызға 2,8 трлн теңге түсуі тиіс болса, нақты түсім 2,7 трлн теңгені құраған.

Орындалуы – 96,8%. Жоспарға жетпеген сома шамамен 89,6 млрд теңге.

Жылдық КТС жоспары 5,184 трлн теңге болғандықтан, қазір оның 52,8%-ы жиналған. 1 тамызға дейін жылдың шамамен 58%-ы өткенін ескерсек, жылдық жоспарға қатысты қарқын сәл төмен. Дегенмен мұнда негізгі көрсеткіш – айларға бөлінген жоспардың орындалуы, ал ол 96,8%, сондықтан КТС бойынша жағдайды әзірге күрделі деуге келмейді.

Ұлттық қордан 1 тамызға дейін 2,3 трлн теңге трансферт жоспарланған және бюджетке дәл сонша ақша түскен. Түгелімен орындалды.

Бірақ мұнда басқа маңызды көрсеткіш бар: бүкіл 2026 жылға Ұлттық қор трансферті 2,8 трлн теңге болып белгіленген. Соның 83,8%-ы жеті айдың өзінде бюджетке аударылып қойған.

Демек жыл соңына дейін жоспар бойынша Ұлттық қордан небәрі 450 млрд теңге қалды. Басқаша айтқанда, салық түсімдері жоспардан төмен болғанымен, Ұлттық қор трансферті қазір бюджет кірісінің тұрақтылығын ұстап тұрған маңызды көздердің бірі болып отыр.

Ең қызықтысы: ҚҚС пен КТС бойынша жоспарға жиынтық түрде 546,5 млрд теңге жетпеген. Соған қарамастан барлық салықтық түсімдердің жалпы жоспары небәрі 171,5 млрд теңгеге орындалмай отыр. Демек басқа салықтар осы екі ірі салықтағы тапшылықтың шамамен 375 млрд теңгесін өтеп берген.

Сондықтан бюджет кірісіндегі басты тәуекелді КТС емес, ҚҚС деп көрсетуге болады. ҚҚС-тың орындалуы 90%-ға әрең жетіп отыр, ал оның жылдық жоспарының әзірге тек 42,6%-ы жиналған. Ұлттық қор трансферті болса, керісінше, жылдық көлемінің басым бөлігін әлдеқашан бюджетке беріп қойған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар