Шавкат Рахмонов әкесі қайтыс болды
Қазақстанның ең танымал UFC файтері Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысов қайтыс болды.
Tengri Sport хабарлауынша, Шавкат Рахмонов әкесі 2 тамызда көз жұмған. Бақтыбай Рахманұлы 66 жасында дүние салған.
«Иә, бұл рас. Әрине, мұндай жағдайдың болғаны өкінішті. Бірақ бәріміз адамбыз, әркімнің дүниеге келетін және өмірден өтетін уақыты бар. Шавкаттың әкесі қайтыс болды, жерленді», – деді Рахмоновтың жаттықтырушысы Эдуард Базров.
Рахмоновтың әкесі Рахманұлының қайтыс болғаны туралы ақпарат 9 тамызда тарай бастады. Қазақстандық бірнеше БАҚ Қарағандыда бейсенбі күні марқұмның рухына Құран бағышталып, ас берілетінін хабарлады. Кейін бұл ақпарат шетелдік басылымдарда да жарияланды.
Бұған дейін тағы бір танымал спортшы – аргентиналық футболшы Лионель Месси де әкесінен айырылған болатын.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 09
-
- Тамыз, 08
-
-
-
-
- Тамыз, 07
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
10 тамыз 2026