Әкімдік гранты мен ЖОО жеңілдіктеріне кім үміткер атана алады
Мемлекеттік грант бұйырмаған абитуриенттер үшін жоғары оқу орнына түсудің балама жолдары бар. Бүгінде жергілікті әкімдіктер, «Қазақстан халқына» қоры мен кей ЖОО-лар білім беру гранттары мен арнайы жеңілдік бағдарламаларын ұсынып отыр.
Елімізде жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау басталды. Биыл бакалавриат, магистратура және резидентура бағдарламалары бойынша барлығы 2 392 грант қаралған.
Әкімдік грантының конкурсына 11 сыныпты бітіріп, мемлекеттік тест тапсырған барлық түлектер қатыса алады.
Астана қаласының әкімдігі – 303, Шымкент қаласы – 285 грант, Шығыс Қазақстан облысы – 270 гранттан бөлді. Одан кейін Батыс Қазақстан облысы – 211 грант, Абай облысы мен Түркістан облысы – 200 гранттан, Ақмола облысы – 199 грант, Қарағанды облысы – 198 грант, Атырау облысы – 187 грант, Маңғыстау облысы – 163 грант бөлді. Қалған өңірлердің әрқайсысы 100-ге жуық грант ұсынды.
Конкурсқа қатысу үшін талапкерлер таңдаған ЖОО-ның қабылдау комиссиясына төмендегі құжаттарды өткізуге тиіс:
Құжат қабылдау мерзімін ЖОО қабылдау комиссияларынан немесе жергілікті әкімдіктерден нақтылауға болады. Грант иегерлерін әкімдік жанындағы арнайы комиссия анықтайды.
Еске сала кетейік, Астана әкімдігі бөлген гранттарға құжат тапсыру бүгін, 10 тамызда аяқталады.
2026 жылы «Қазақстан халқына» қоры оқу ақысы мен ай сайынғы шәкіртақыны қамтитын 350 білім беру грантын бөліп отыр.
Қор грантын алу шарттары бар. Оған ауылдық елдімекендер, шағын және моноқалалар мектептерінің 25 жасқа дейінгі (қоса алғанда) түлектері төмендегі санаттардың біріне жататын жағдайда үміткер бола алады:
Құжат қабылдау 2026 жылғы 1-17 тамыз аралығында жүргізіледі. Тексеру жұмыстары аяқталған соң, грант иегерлерінің тізімі қордың ресми сайтында 2026 жылғы 11 қыркүйекке дейін жарияланады.
Байқауға барлығы 44 жоғары оқу орны қатысады. Серіктес университеттердің толық тізімі мен қажетті құжаттар туралы мәліметті қордың ресми ресурстарынан табуға болады.
Жетім немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғаларға қатысты құжаттардың тізімін келесі сілтемеден біле аласыздар.
Жоғары балл жинап мемлекеттік грант конкурсына ілінбей қалған талапкерлер үшін «Тұран» университеті ҰБТ нәтижесіне байланысты ішкі гранттар мен оқу ақысына берілетін жеңілдіктер жүйесін ұсынып отыр.
Аталған жеңілдіктер мен гранттар күндізгі оқу нысанындағы білім беру бағдарламаларының басым бөлігіне қолданылады.
Бұл жеңілдіктер жүйесі «Режиссура», «Операторлық өнер», «Актерлік өнер», «Кино және ТВ продюсерлігі», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (ЕТжБҚ)», «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар (РЭТ)», «Бағдарламалық инженерия», «Журналистика», «Қоғаммен байланыс» мамандықтарына, сондай-ақ қос дипломды білім беру бағдарламаларына жүрмейді.
Дегенмен университет «Журналистика» және «Қоғаммен байланыс» білім беру бағдарламаларына түсушілерге арналған жеңілдіктерді қарастырып қойған.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 09
-
- Тамыз, 08
-
-
-
-
- Тамыз, 07
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
10 тамыз 2026