Тойда уағыз айтқан қарияның қызы үндеу жасады
Тойда уағыз айтып, қамауға алынған жетісайлық тұрғынның қызы үндеу жасады. Оның видеосы Orda.kz арнасында жарияланған.
66 жастағы қарияның қызы Наргиза көпшілік жазғандай әкем еш радикал емес дейді. Бірақ өмірінде болған ауыр жағдайларға байланысты эмоциялық және психологиялық жағдайы нашарлаған екен.
«Әкем Қуатбек ешқандай радикал емес. Ешқашан ешкімді экстремизмге шақырмаған және діни топ құрмаған. Оның екі ұлы сотталды, қаңтар айында үлкен ағасы өмірден қайтты. Өзі қыста жансақтау бөліміне түсті. Бірнеше жыл бұрын ауыр жол апатына ұшырап, басына аса күрделі нейрохирургиялық ота жасаған. Осы ауыр жарақаттан кейін ол кісі әліге дейін ем алуда. Сонымен қатар оның жүрегі де ауырады. Осындай ауыр оқиғалардың барлығы оның эмоциялық және психологиялық жағдайына әсер етті. Соңғы айларда оның кейбір сөздері ойланбай айтып қойып, кейін ғана есіне түсетінін байқадық», – дейді ол.
Бойжеткеннің айтуынша, қария интернеттен исламдағы музыканың орны туралы видео көрген. Кейін сол көргенін жиен қарындасының тойына барғанда уағыз ретінде айтып береді. Ал тойға барған әнші Роза Әлқожа ол сөйлеп тұрған видеоны рұқсатсыз жариялап жіберді деген уәж айтады. Дегенмен әкесінің атынан әншіден кешірім сұрады.
Қазір қария қамауда, бірақ оның мүддесін қорғайтын адвокат табылмай жатқан көрінеді.
«Ешқандай адвокаттар, ешкім араласқысы келіп тұрған жоқ бұл тірлікке. Барлығы қорқады. Біз білмейміз, кім неден қорқып жатқанын», – деді Наргиза.
Еске салайық, Түркістан облысы, Жетісай ауданында өткен тойдың бірінде ер адам ән салуға келген әншілерді «шайтанның азаншысы» деп атаған. Тіпті әйелдерді ұрғашы дейді. Кейін ІІМ бұған қатысты діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бойынша қылмыстық іс қозғап, қарияны қамауға алды.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 09
-
- Тамыз, 08
-
-
-
-
- Тамыз, 07
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
10 тамыз 2026