Халықаралық теннис турнирлері тағы да кейінге шегерілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус індетіне байланысты халықаралық теннис турнирлері шілде айында да өтпейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) 31 шілдеге дейін ешқандай жарыстың болмайтынын мәлімдеді. Бұл – ерлер арасында ATP ғана емес, ITF өткізетін челленджер және басқа турнирлер болмайды деген сөз. Былайша айтқанда, Гамбург, Бастад, Ньюпорт, Лос-Кабос, Гштаад, Умаг, Атланта және Китцбюэл додалары бұрын жоспарланған мерзімінде өтпейді. АТР басшысы Андреа Гауденци теннисшілер мен көрермендердің денсаулығы ең басты басымдық екенін айта отырып, індеттің беті қайтқан жағдайда жарыстарды өткізудің барлық мүмкіндіктерін қарастыратынын жеткізді.
- Соңғы
- Наурыз, 20
-
- Наурыз, 12
-
- Ақпан, 26
-
- Қаңтар, 25
-
- Қаңтар, 11
-
- Қазан, 06
-
- Қазан, 02
-
- Қыркүйек, 28
-
- Тамыз, 31
-
- Тамыз, 22
-
- Тамыз, 21
-
-
-
- Тамыз, 20
-
- Тамыз, 18
-
- Тамыз, 17
-
- Тамыз, 14
-
- Тамыз, 13
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
18 қыркүйек 2026
18 қыркүйек 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар