Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Роналду соғылған гол саны бойынша әлемдік рекорд орнатты

kznews.kz

Роналду соғылған гол саны бойынша әлемдік рекорд орнатты

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналду кәсіби карьерасындағы гол саны бойынша әлемдік рекорд орнатты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. «Р-Спорт» мәліметінше, Роналду АПЛ-дың 29-турындағы лондондық «Тоттенхэм» клубына қарсы ойында (3:2) хет-трик жасаған. Осылайша, оның карьерасында 807 гол соғылған (692 — клубтар үшін, 115 — ұлттық команда үшін). Португалдық австриялық және чехословакиялық шабуылшы Йозеф Бицаннан асып түскен. Ол мансабында 805 гол соққан. Бицанның жетістігін көптеген статистикалық ресурс, соның ішінде халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен спорттық статистика қоры (RSSSF) растайды. Сонымен қатар, Чех футбол қауымдастығы Бицан ресми матчтарда 821 гол соққанын айтады. 37 жастағы спортшы «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Реал», «Ювентус»командаларының намысын қорғады. Ол — Чемпиондар Лигасының бес дүркін жеңімпазы. Тамызда Роналду «Манчестер Юнайтедке» оралды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар