Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Футболдан Конференция лигасының 1/2 финалына шыққан командалар анықталды

inform.kz

Футболдан Конференция лигасының 1/2 финалына шыққан командалар анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Конференция лигасы жартылай финалына шыққан барлық команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жарысты жалғастыруға Англияның «Лестер Сити», итальиялық «Рома», нидерландтық «Фейеноорд» және франциялық «Марсель» мүмкіндік алды. «Лестер Сити» ширек финалда Нидерландының ПСВ клубын 2:1 есебімен (бірінші ойын 2:1) сүріндірді. Ал «Рома», норвегиялық «Будё-Глимт» командасынан 1:2 есебімен (бірінші ойын 4:0) жеңілді. «Фейеноорд» «Славиямен» 3:3 есебімен етң түсе (бірінші ойын 3:1), «Марсель» ПАОК клубын 2:1 есебімен тізе бүктірді (бірінші ойын 1:0). Енді жартылай финалда 27 және 28 мамыр, 4 және 5 мамыр күндері «Лестер Сити» мен «Рома», «Фейенорд» пен «Марсель» командалары кездеседі. Конференция лигасының финалы 25 мамырда Албания астанасы Тирана қаласындағы «Арена Комбетаре» стадионында болады. Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Чемпиондар лигасы жартылай финалына шыққан командалар белгілі болды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024