Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының финалы өтеді
Сенбіден жексенбіге қараған түні футболдан UEFA Чемпиондар лигасының финалы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап. Ақтық кезеңде «Ливерпуль» (Англия) мен «Реал Мадрид» (Испания) командалары кездеседі. Матч елорда уақытымен 00.40-та басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ойын Францияның Сен-Дени қаласындағы «Стад де Франс» стадионында өткізіледі. Кездесу барысында франциялық Клеман Тюрпен бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Николя Дано мен Сириль Гренгор көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де франциялық Бенуа Бастьен. Екі команда бұған дейін 8 мәрте кездесті. Оның 3-і «Ливерпуль» клубының басымдығымен аяқталса, біреуінде тең нәтиже тіркеліп, қалғанында испаниялық клубтың мерейі үстем болды. Командалар осының алдында былтыр Чемпиондар лигасы 1/4 финалында кездесті. Бұл жолы «Реал Мадрид» (0:0, 3:1) клубы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Екі команда құрамында футболшылардан жарақат алғандар жоқ. Бүгінгі ойынға барлығы дайын. «Ливерпуль» 6 мәрте Чемпиондар лигасы (Еуропа чемпиондар кубогы) кубогын төбесіне көтерген болатын. Бұдан бұрын 2019 жылы жеңімпаз атанды. Ал «Реал Мадрид» Чемпиондар лигасы (Еуропа чемпиондар кубогы) турнирінде 13 мәрте жеңіс тұғырынан көрінді. Бұдан бұрын 2018 жылы үздік шықты. Осыған дейін «Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы болғанын, футболдан Конференция лигасының жеңімпазы анықталғанын жазған болатынбыз.
- Соңғы
- Наурыз, 20
-
- Наурыз, 12
-
- Ақпан, 26
-
- Қаңтар, 25
-
- Қаңтар, 11
-
- Қазан, 06
-
- Қазан, 02
-
- Қыркүйек, 28
-
- Тамыз, 31
-
- Тамыз, 22
-
- Тамыз, 21
-
-
-
- Тамыз, 20
-
- Тамыз, 18
-
- Тамыз, 17
-
- Тамыз, 14
-
- Тамыз, 13
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
16 қыркүйек 2026
16 қыркүйек 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар