Қатар 2022: Аустралия Данияны жеңіп, плей-офф кезеңіне шықты
Франция мен Аустралия құрамалары футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 3-турда D тобы аясында екі матч өтті. Топтан шығып қойған Франция құрамасы Туниспен кездесті. Француздар бұл кездесуге екінші құрамын шығарды. Мұны пайдаланған тунистік команда 1:0 есебімен алға шықты - 58-минутта Вахби Хазри гол соқты. Ал матчтың соңғы минуттарында Антуан Гризманн таразы басын теңестірді. Ал екінші ойында Аустралия құрамасы күтпеген жерден Данияны жеңді. Ойын алдында еуропалық ұжым фаворит саналған. Дегенмен 60-минутта Мэттью Леки жасыл құрлық құрамасына жеңіс сыйлады. Бұл кездесулерден кейін Франция мен Аустралия құрамалары плэй-офф кезеңіне жолдама алды. Бұл - күтпеген жайт болды. Себебі турнир алдында топтағы аутсайдердердің бірі болған Аустралия екінші орын алып, фавориттің бірі саналған Дания соңғы орын алды. Ал Тунис құрамасы 4 ұпаймен үшінші орын алды. Тектес:
- Соңғы
- Наурыз, 20
-
- Наурыз, 12
-
- Ақпан, 26
-
- Қаңтар, 25
-
- Қаңтар, 11
-
- Қазан, 06
-
- Қазан, 02
-
- Қыркүйек, 28
-
- Тамыз, 31
-
- Тамыз, 22
-
- Тамыз, 21
-
-
-
- Тамыз, 20
-
- Тамыз, 18
-
- Тамыз, 17
-
- Тамыз, 14
-
- Тамыз, 13
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
9 қыркүйек 2026
9 қыркүйек 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар