Астанада ересектер арасында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтеді
Құрлықтық дода алғашқыда Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өткізіледі деп жоспарланған еді. «Оны ұйымдастырушылар Астана қаласына ауыстыру жөнінде шешім қабылдады. Балуандар 7-14 сәуір аралығында жүлделерді сарапқа салады», - деп мәлім етті ҚР Күрес федерациясы баспаөз қызметінің жетекшісі Аспандияр Есенжолов. Азия чемпионаты 1979 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Қазірге дейін қазақстандық балуандар барлығы 307 медаль еншіледі. Олардың 81-і алтын, 85- күміс, 141-і қола. Бұл жөнінен медальдар кестесінде төртінші орында тұр. Алғашқы үштікте Иран, Жапония, Оңтүстік Корея құрамалары келеді. Еске салсақ, Атырау облысында құсбегіліктен Қазақстан чемпионаты өтеді.
- Соңғы
- Қаңтар, 02
-
-
-
- Желтоқсан, 31
-
-
-
-
- Желтоқсан, 30
-
-
-
-
- Желтоқсан, 29
-
-
-
-
- Желтоқсан, 26
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
17 тамыз 2026
17 тамыз 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар