Шавкат Рахмонов UFC басшысымен жеке кездесуде қандай әңгіме болғанын айтты
Аралас жекпе-жектен файтер Шавкат Рахмонов (17:0) UFC президенті Дана Уайттың кеңсесінде қандай келіссөз жасалғанын айтты. Бұл туралы ол "Вестник ММА" YouTube-арнасында берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Спортшы UFC-дегі жаңа келісімшарты туралы айтты. "10-15 минут онымен (Дана Уайтпен) сөйлестім, содан кейін матчмейкермен бір жарым сағат жаңа келісімшарт туралы сөйлестік. Жаңа келісімшарттағы шарттар жақсы сияқты. Бірақ олар қандай шарттар ұсынса да, бұл жеткіліксіз. Жақсы ақша алдым, бірақ одан да артыққа лайықпын. Мұны барлық адам түсіне бермейді. UFC-дің өз саясаты бар, бұл туралы айта алмаймын", - деді ол. Айта кетейік, UFC-дегі бесінші жекпе-жегі үшін Шавкат Рахмонов 191 500 доллар (82,5 миллион теңге) тапқан болатын.
- Соңғы
- Наурыз, 20
-
- Наурыз, 12
-
- Ақпан, 26
-
- Қаңтар, 25
-
- Қаңтар, 11
-
- Қазан, 06
-
- Қазан, 02
-
- Қыркүйек, 28
-
- Тамыз, 31
-
- Тамыз, 22
-
- Тамыз, 21
-
-
-
- Тамыз, 20
-
- Тамыз, 18
-
- Тамыз, 17
-
- Тамыз, 14
-
- Тамыз, 13
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
10 қараша 2026
10 қараша 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар