Азиада-2023: бүгін қазақстандық төрт боксшы жұдырықтасады
Бүгін Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасынан төрт боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Күндізгі сессияда Қазақстан атынан екі спортшы қатысады. Астана уақытымен сағат 13:15-те Наталья Богданова шаршы алаңға шығады. 66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін спортшымыз ширек финалда моңғолиялық Цэцэгдари Мягмарсурэнмен кездеседі. Сағат 14:45-те 92 келіге дейінгі салмақтағы Сағындық Тоғамбай жартылай финалдық жекпе-жек өткізеді. Ол қытайлық Хань Сюэчжэньмен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жектердің тікелей трансляциясын Qazaqstan телеарнасынан көруге болады. Кешкі сессияда Қазақстанның екі спортшысы шаршы алаңға шығады. Сағат 17:15-те 57 келіге дейінгі салмақта Карина Ибрагимова моңғолиялық Намуун Монхормен ширек финалдық жекпе-жек өткізеді. Сағат 19:00-де 63,5 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалда Ертуған Зейнуллинов Моңғолияның тағы бір өкілі Чинзориг Баатарсухиинмен кездеседі. Бұл жекпе-жектерді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
- Соңғы
- Наурыз, 20
-
- Наурыз, 12
-
- Ақпан, 26
-
- Қаңтар, 25
-
- Қаңтар, 11
-
- Қазан, 06
-
- Қазан, 02
-
- Қыркүйек, 28
-
- Тамыз, 31
-
- Тамыз, 22
-
- Тамыз, 21
-
-
-
- Тамыз, 20
-
- Тамыз, 18
-
- Тамыз, 17
-
- Тамыз, 14
-
- Тамыз, 13
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
26 қыркүйек 2026
26 қыркүйек 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар