Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандық төреші ХТФ арнайы сыйлығына ие болды

ktk.kz

Қазақстандық төреші ХТФ арнайы сыйлығына ие болды

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, М.Кәукеева Испанияның Севилья қаласында өткен Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде мінбедегі рефери ретінде қызмет етті. Ұйымдастырушылар қазақстандық қазыға арнайы ескерткіш медаль табыс етті.Осылайша, командалық әлем чемпионатына тек қазақстандық ойыншылар ғана қатысып қойған жоқ. Төреші де болды.

Қазақстанда төрешілікті дамыту бағдарламасы екі бағыт бойынша жүргізіліп келеді. Біріншісі – жаңа кадрларды тарту жолымен ұлттық санаттағы қазыларды тәрбиелеу, оқыту. Екіншісі – халықаралық деңгейдегі реферилерді дайындап шығару. Соңғы жылдары Silver badge және Bronze badge санатындағы халықаралық төрешілер сапында Юлия Игнатченко мен Меруерт Кәукеева бекіді. 2020 жылы Юлия мен Меруерт WTA-ның ең талантты қазы әйелдер командасы құрамына кірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар