Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Вице-премьер Жұманғарин: халық табысының қысқаруы тоқтап, 0,1%-ға өсті

kz.kursiv.media

Вице-премьер Жұманғарин: халық табысының қысқаруы тоқтап, 0,1%-ға өсті

Үкіметтің сейсенбідегі отырысында 2026 жылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды. Жиналыста вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сөз сөйлеп, халық табысы артқаны туралы есеп берді.

«Халықтың шынайы табысының қысқаруы тоқтады. 2025 жылдың үш тоқсанындағы теріс динамикадан соң, 2026 жылдың алғашқы тоқсанында, былтырғы осы уақытпен салыстырғанда, шынайы табыс 0,1%-ға ұлғайды», – деп мәлімді Жұманғарин.

Вице-премьердің айтуынша, халық табысының оң динамика көрсетуіне инфляцияның тұрақты тежелуі әсер еткен. 2026 жылғы маусым айында Қазақстанда инфляция деңгейі 10,3%-ға дейін төмендеді.

«Оң динамиканы сақтап қалу үшін халық табысын көтеруді көздейтін кешенді іс-шаралар қабылданды. Солардың басты бағыттарының бірі – жаңа өндіріс орындарын ашу», – дейді ұлттық экономика министрі.

Оның айтуынша, биылғы қаңтар-маусым айларында экономика 4,1%-ға өскен.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар