Франция – Испания, Англия – Аргентина: жартылай финал ойындары қашан басталады
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты мәресіне жақындап қалды. АҚШ, Канада және Мексика жасыл алаңдарында өтіп жатқан дүбірлі доданың ең тартысты кезеңі – жартылай финалдық кездесулер басталады. Мундиальдың бас фавориттері саналған төрт үздік құрама финалдың жолдамасын сарапқа салады.
14 шілдеден 15 шілдеге қараған түні, сағат 00:00-де Франция мен Испания кездеседі. Матчты Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Франция плей-офф кезеңін сенімді бастаған француздар 1/16 финалда Швецияны (3:0) қапы қалдырды. Одан кейін Парагвайдан (1:0) айласын асырып, ширек финалда Марокконы (2:0) жарыс жолынан шығарды.
Испания болса плей-оффта Австрияны (3:0), Португалияны (1:0) және ширек финалда Бельгияны (2:1) тізе бүктірді.
15 шілдеден 16 шілдеге қараған түні, сағат 00:00-де Атлантадағы (АҚШ) зәулім «Мерседес-Бенц Стэдиум» аренасында Англия мен қазіргі әлем чемпиондары Аргентина құрамалары кездеседі.
Бұлл кездесуді де футболсүйер қауым «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Ағылшындар үшін плей-офф кезеңі оңайға түскен жоқ. Алдымен ДР Конгоны (2:1), сосын Мексиканы (3:2) ұтқан олар ширек финалда Норвегияны 2-1 есебімен жеңді.
Аргентина 1/16 финалда Кабо-Вердені қосымша уақытта (3:2), 1/8 финалда Мысырды (3:2) қапы қалдырды. Ширек финалда Швейцариямен өткен қиын матчта тағы да қосымша уақытта жеңісті жұлып алды (3:1).
- Соңғы
- Шілде, 13
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Шілде, 12
-
-
-
-
- Шілде, 11
-
Күнделікті жаңалықтар
14 шілде 2026