Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Көкпар кезіндегі жанжал атыспен аяқталды: Жамбыл соты үкім шығарды

kz.kursiv.media

Көкпар кезіндегі жанжал атыспен аяқталды: Жамбыл соты үкім шығарды

Жамбыл облысында көкпарға қатысушыға оқ атқан тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Оқиға қаңтар айында болған. Ойын кезінде Кеңес ауылының екі тұрғыны сөзге келіспей арты ол төбелеске ұласқан. Біраз уақыттан кейін олардың бірі болған жағдайды туысына айтқан.

«Сотталушы үйіне барып, өзінің атына тіркелген ИЖ-81 аңшылық мылтығын алып, оған резеңке оқ салып, жәбірленушіге қарай оқ атқан. Нәтижесінде оның денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Ер адамның бұл әрекеті ауыл тұрғындары арасында үрей туғызып, қоғамдық тәртіптің бұзылуына әкеп соқты», – делінген хабарламада.

Сотталушы кінәсін толық мойындады. Ол өз түсініктемесінде тайып жығылғанын, соның салдарынан мылтық абайсызда атылып кеткенін түсіндірді. Оқиғадан кейін ер адам жәбірленушіні бірден ауруханаға жеткізіп, көмек көрсеткен. Зардап шегуші оқ атқан адамды кешіріп, оған ешқандай шағымы жоқ екенін айтты.

Ер адамға бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Шартты мерзім кезінде сот адамды кінәлі деп таниды, бірақ оны жазасын өтеуге жібермейді.

Үкім заңды күшіне енді.

Айта кетейік, осыған дейін Ақмола облысында көкпар кезінде жас бала қаза тапқан. Қайғылы оқиға 26 мамырда Рақымжан Қошқарбаев ауылында болған. Ойынды тұрғындар жергілікті билікке ескертпестен ұйымдастырған. Шара Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің меншігіндегі жер телімінде өткізілген. Осыдан кейін Бұқаралық көкпар федерациясының акредитациясы тоқталған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар