Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Венесуэладағы зілзаладан елге 37 млрд доллар шығын келген - БҰҰ

kz.kursiv.media

Венесуэладағы зілзаладан елге 37 млрд доллар шығын келген - БҰҰ

Венесуэладағы жойқын жер сілкіні салдарынан қаза тапқандар саны бүгінде 3 811 адамға жетті. Тағы 17 мыңға жуық тұрғын түрлі жарақат алып, сонша адам баспанасыз қалған.

Олар уақытша мектептерге, саябақтарға және басқа да қоғамдық орындарға орналастырылды.

БҰҰ мәліметінше, табиғи апаттан келген жалпы шығын 37 миллиард доллардан асқан. Ұйым тек зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 300 миллион доллар бөлу қажеттігін мәлімдеді.

Ал ел билігі баспанасынан айырылғандар үшін сейсмотұрақты үйлердің құрылысын жеделдетуге уәде берді. Инженер-геологтар халықаралық сарапшылармен бірлесіп, құрылысқа қолайлы жер телімдерін анықтап жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 25 маусымда таңертең Венесуэланың солтүстік-орталық бөлігінде жойқын зілзала болды. АҚШ геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, әуелі магнитудасы 7,2 балдық, содан ізін сала 7,5 балдық екі ірі дүмпу тіркелген.

Ресми Каракас зілзаладан іс-түссіз жоғалғандар туралы мәлімет бермей отыр.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жер сілкінісінен зардап шеккен елдің халқына көңіл айтты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар