Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астананың 22 жастағы тұрғыны Бурабайда квадроцикл тізгінінде қаза тапты

kz.kursiv.media

Астананың 22 жастағы тұрғыны Бурабайда квадроцикл тізгінінде қаза тапты

Ақмола облысының Бурабай ауданында квадроциклдің қатысуымен адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы болды.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, Бурабай ауданында квадроциклдің қатысуымен болған, соның салдарынан бойжеткен қаза тапқан жол-көлік оқиғасы фактісі тергелуде.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, 7 шілдеде Зеленый Бор және Бурабай кенттері арасындағы автожол учаскесінде елорданың 22 жастағы тұрғыны квадроциклді басқарып бара жатып, көліктің аударылуына жол берген. Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Квадроциклдің жолаушысы, елорданың 2007 жылы туған тұрғыны медициналық көмекке жүгінді», – деп мәлімдеді ведомство.

Полицейлер болған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда, соның ішінде квадроциклдерді жалға беру пунктінің қызметі, мототехниканы жалға беру кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуы, сондай-ақ, қайғылы жағдайға әкеп соққан басқа да ықтимал себептер тексеріліп жатыр.

«Сапар алдында көліктің жарамдылығына көз жеткізу, қорғаныс жабдықтарын пайдалану, қауіпсіз жылдамдықтан асырмау және белгіленген талаптарды елеусіз қалдырмау қажет. Осы қарапайым шараларды сақтау өмір мен денсаулықты сақтауға көмектеседі», – деп толықтырды ведомстводан.

Полицейлер өңір тұрғындары мен қонақтарын квадроциклдерді және басқа да мототехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар