Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атырауда бұрынғы жігітін сүйреп өлтірген полицей әйел жазадан босатылды

kz.kursiv.media

Атырауда бұрынғы жігітін сүйреп өлтірген полицей әйел жазадан босатылды

Атырауда полиция қызметкері Сымбат Танатарова бұрынғы жігіті әрі әріптесін көлік капотында сүйреп өлтіргені үшін кінәлі деп танылды.

Алайда Halyqstan ақпаратына қарағанда, ол жазадан босатылған.

Қорғаушылардың айтуынша, Сымбатты бұрынғы жігіті әрі әріптесі Қанат Ершан бірнеше ай бойы аңдып, мазалаған. Екеуі оқу кезінде танысып, кейін полицияда бірге жұмыс істеген.

Қыздың сөзінше, ажырасқаннан кейін Ершан кездесуді талап етіп, үйіне келіп маза бермеген. WhatsApp арқылы балағат сөздер жазған. Тіпті, сөйлеспесе, өзіне қол жұмсайтынын айтып қорқытқан.

Оқиға былай өрбіген. 15 сәуірде Ершан Атырауға келіп, кешке Сымбаттың үйінің алдына барған. Әйелдің айтуынша, ол үйден шығуын талап етіп, айқайлап, терезені қаққан. Сол кезде үйде оның кішкентай баласы болған.

Қорыққан Сымбат өзінің Hyundai Elantra көлігіне отырып, есігін ішінен құлыптап алады. Ершан көліктің есігін ашуға тырысып, кейін көлік қозғала бастағанда капотына секіріп мінген.

Бірнеше көше жүргеннен кейін бұрылыста ол капоттан құлап, ауыр жарақат алған. Дәрігерлер оған ашық бас-ми жарақаты, бас сүйегі, бұғана және қабырға сынуы сияқты ауыр диагноз қойған. Біраз уақыт комада жатқан.

Қорғаушылар Сымбаттың ешкімге қасақана зиян келтіруді көздемегенін, тек өзін және баласын қауіптен алыстатуға тырысқанын айтты. Сондай-ақ олар Ершанның бірнеше ай бойы қудалау әрекеттеріне құқықтық баға берілмегенін мәлімдеді.

Алайда сот Сымбат көліктің капотында адамның тұрғанын біле тұра қозғалысын жалғастырғанын ескеріп, оны денсаулыққа абайсызда ауыр зиян келтірді деп таныды.

Сот Сымбат Танатарованы Қылмыстық кодекстің 114-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, алты айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Алайда Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған рақымшылыққа ілініп, жазадан босатылды.

Сонымен қатар сот оны Қанат Ершанның жақындарына 1 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.

Ал қорғаушылар сталкинг деп бағалаған Ершанның әрекеттеріне жеке құқықтық баға беру мәселесі сот үкімінде қарастырылмаған.

Айта кететін жайт, Алматы облысында полиция қызметкері әйелін көлікпен қағып өлтірген болатын.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар