Қазақстан темір жолы басшысы міндетін Бауыржан Орынбасаров атқарады
«Қазақстан темір жолы» Басқарма төрағасы міндетін атқарушы болып Бауыржан Орынбасаров тағайындалды. Топ-менеджер ұлттық компанияда 1993 жылдан бері жұмыс істейді.
Сәрсенбі күні таңертең ҚТЖ басшылығынан Талғат Алдыбергеновтің кеткені мәлім болған. Ұлттық компаниядағы ауыс-түйіс туралы ресми мәліметті «Самұрық-Қазына» қоры таратқан.
Енді ҚТЖ Басқарма төрағасы міндетін Бауыржан Орынбасаров атқаратыны мәлім болып отыр. Қызылорда облысында туған топ-менеджер 2021 жылдан бері төрағаның орынбасары қызметін атқарып келген.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
9 шілде 2026