Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Темекіден жүздеген миллион теңге пайда тауып келген трансұлттық топ ұсталды

kz.kursiv.media

Темекіден жүздеген миллион теңге пайда тауып келген трансұлттық топ ұсталды

Жамбыл облысында Қазақстанға таңбалаусыз темекі өнімдерін заңсыз әкеліп, таратқан трансұлттық қылмыстық топ әшкереленді.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, Жамбыл облысының тұрғыны Қырғызстаннан темекі өнімдерін заңсыз жеткізу арнасын ұйымдастырған. Оларды өзіне бағынышты адамдар арқылы өткізген.

Контрафактілік өнім Тараз қаласындағы сауда орындарында сатылған. Сондай-ақ Алматы, Шымкент қалаларына, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарына жөнелтілген.

Тергеу барысында 30-дан астам тінту жүргізіліп, заңсыз айналымнан жалпы құны 293 млн теңге болатын 319 мыңнан астам қорап темекі тәркіленді. Ал төленбеген акциз салығының көлемі – 115 млн теңге.

ҚМА мәліметінше, қылмыстық топ құрамында тауарды жеткізу мен өзара есеп айырысуды ұйымдастырған Қырғызстан азаматтары да болған.

Қаржы ізін жасыру үшін күдіктілер банктік жүйеден тыс жұмыс істейтін бейресми «Хавала» ақша аудару жүйесін пайдаланған.

Сот санкциясымен темекі өнімдерін тасымалдауға пайдаланылған үш автокөлікке тыйым салынды. Қазіргі уақытта бес күдікті қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр. Өзге мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Айта кететін жайт, Қазақстан шекарасы арқылы 640 млн теңгені заңсыз алып өтпек болғандар анықталды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар