Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов мас күйінде жол апатын жасап, қашып кетті

kz.kursiv.media

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов мас күйінде жол апатын жасап, қашып кетті

Астана қаласының Нұра ауданында белгілі боксшы, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы және әлем чемпионы Данияр Елеусіновтің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл туралы заңгер Жасұлан Рахымғалиев хабарлады.

Заңгердің айтуынша, «102» арнасына Төле би мен Халифа бен Заид аль-Нахаян көшелерінің қиылысында («Хан Шатыр» СОО маңы) үш автокөліктің қатысуымен жол апаты болғаны туралы хабарлама түскен. ЖКО-ға кінәлі деп танылған, мемлекеттік нөмірі 001 EDM 01 «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнынан бой тасалап, қашып кеткен.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде аталған көлік Достық көшесінің бойында, дәл осы «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығына қарама-қарсы тұста қолға түсті. Рөлде 1991 жылы туған азамат Елеусінов Данияр Маратұлының болғаны және оның мас күйінде көлік басқарғаны анықталды.

Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция нарядтары жұмыс істеп, тиісті тексеріс шаралары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда соңғы үш жылда жол апатынан зардап шеккендердің саны 2,5 есе өсті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар