Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жапон стартабы SpaceX-пен бірге айға жүк тасымалдайтын бизнес бастайды

kz.kursiv.media

Жапон стартабы SpaceX-пен бірге айға жүк тасымалдайтын бизнес бастайды

Жапонияның Ispace компаниясы Илон Масктың SpaceX компаниясымен бірлесіп, айға жүк тасымалдайтын жаңа жоба бастамақшы. Бұл туралы Reuters жазады.

Токиода орналасқан стартап 50 миллион долларға SpaceX-тің алып Starship зымыранынан 500 келілік орын сатып алды. Сол орынға жапон компанисы өздері құрастырған айда жүретін көлігін орналастырады. Айға жүк жібергісі келетін өзге компаниялар жүгін сол көлікке ақылы түрде тіркеп, бірге жібере алады.

Компанияның вице-президенті Хидеари Камияның айтуынша, SpaceX зымыраны тұтынушылардың жүгін бір уақытта және арзан бағамен таситын үлкен «автобус» рөлін атқарады. Ал ispace аппараттары жүкті айдың нақты бір нүктесіне арнайы жеткізетін «такси» тәрізді қызмет көрсетеді.

Бұған дейін Ispace компаниясы SpaceX-тің Falcon 9 зымырандарын пайдаланған. 2023 және 2025 жылдардағы талпыныстары сәтсіз аяқталды.

Токио компаниясы 2030 жылға қарай айға Ultra деп аталатын үш қону модулін де сәтті қондыруды жоспарлап отыр. Бұл миссиялардың бірі NASA-ның коммерциялық мақсаттағы ай жүктерін тасу бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ.

Мамырда SpaceX компаниясы тарихындағы ең үлкен зымыран, Starship-тің, жаңартылған V3 нұсқасын сынақтан өткізген еді. Сол кезде NASA бұл зымыранды 2028 жылға қарай Айға ұшу үшін пайдалануды жоспарлайтынын мәлімдеген. Ал Илон Маск Starship арқылы адамдарды Марсқа жеткізбекші.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар