Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

kz.kursiv.media

Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі сегіз күнге кезең-кезеңімен жабылады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

«9-16 шілде аралығында Сығанақ көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Арыс көпіріне (М-3) дейінгі учаскесінде жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі. Аталған учаске кезең-кезеңімен жабылатын болады», – делінген хабарламада.

Әкімдік мәліметінше, жөндеу жұмыстары кезінде көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады. Осыған байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолға шығар алдында бағытын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысындағы уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылады.

Осыған дейін Астана әкімдігі сол жағалаудағы төрт көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілетінін хабарлаған болатын. .

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар