Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодар әуежайын жаңғыртуға 9 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

kz.kursiv.media

Павлодар әуежайын жаңғыртуға 9 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын жаңғырту жұмыстары басталды. Жобаны жүзеге асыруға Арнайы мемлекеттік қордан 9 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, әуежайды жөндеу жұмыстары мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүргізіледі.

Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары бекітілген кестеге сай жүріп жатыр. Жаңғырту жұмыстары 2026 жылдың қыркүйек айында аяқталуы тиіс.

Мердігер ұйымға, тапсырыс берушіге және техникалық қадағалау өкілдеріне жұмыстың уақытылы әрі сапалы орындалуын, еңбекті қорғау және экологиялық заңнама талаптарының сақталуын, сондай-ақ бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Қайта жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін әуежай бір сағатта 200-ден 300 жолаушыға дейін қабылдай алады.

Атап айтқанда, инфрақұрылымның жаңаруы көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға, жолаушыларға жайлылық сыйлауға және Павлодар облысының еліміздің басқа өңірлерімен көліктік байланысын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жобаның жүзеге асырылуы прокуратура органдарының бақылауында.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа Екібастұз қаласында жаңа әуежай ашу мүмкіндігін жан-жақты пысықтауды тапсырған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар