"Жасыл даму" орман өртінің алдын алуға 16 млрд теңге бөлді
Қазақстанда орман қоры мен ұлттық парктерді өрттен қорғау мақсатында цифрландыру жобасы басталды. «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Жасыл даму» АҚ 16,9 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады.
Жоба Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен жүзеге асып жатыр. Оның аясында еліміздің бірнеше өңіріне өртті ерте анықтайтын заманауи ЕАЖ-1 жүйесінің 14 кешені жеткізілді.
Бөлінген қаражат тек техника сатып алуға емес, қорғалатын аумақтарды тәулік бойы бақылайтын бірыңғай бағдарламалық-техникалық жүйені құруға жұмсалды. Ол жүйе алғашқы түтінді, жану өнімдерін және температураның көтерілуін автоматты түрде тіркейді. Қауіп анықталса, дабыл бірнеше секундта диспетчерлік пунктке жолданады. Сондай-ақ, жекелеген нысандарға шолу үшін бұрышы кең, автоматтандырылған заманауи камералар орнатылды.
Еске салайық, осыдан төрт жыл бұрын елдің шығысы мен солтүстігінде алапат өрт болып, Қостанай мен Семейдегі ормандар отқа оранды. Кейін Қостанай орманындағы ағаштың 38%-ы аукцион арқылы сатылды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
9 шілде 2026