Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Баға 30%-ға түсті: De Beers гауһар сырғасы арзан бағамен аукционда сатылады

kz.kursiv.media

Баға 30%-ға түсті: De Beers гауһар сырғасы арзан бағамен аукционда сатылады

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (KUVA) 2025 жылдың басынан бері өткізе алмай келе жатқан 36 зергерлік бұйым мен сағатты арзан бағаға саудалауға көшті. Олардың арасында De Beers гауһар сырғасы да бар.

Sauda электронды порталындағы аукцион 9 шілдеде түскі сағат 12:00-де басталады. KUVA бейсенбі күні барлығы 36 қайтарылған активті саудаға қояды. Компания бұл жолы оларды арзан бағаға ұсынып отыр.

Мәселен, мамандар 158,1 млн теңгеге бағалаған гауһар сырғаның бастапқы бағасы бұл жолы 110,6 млн теңге деп белгіленді. Айта кетейік, зергерлік бұйым өз бағасынан 30%-ға арзанға сатылғалы жатыр. Осы аукционға қатысу үшін 23,7 млн теңге кепілпұл төлеу керек.

Сырға 6,06 карат болатын екі гауһар тастан тұрады. Әшекейдің өзі ақ алтыннан жасалған. Сынамасы – 750. Жалпы салмағы – 5,8 грамм. Оны кезінде кім таққаны хабарланбады.

Лоттардың ішіндегі ең қымбаты – Ulysse Nardin Classic 789-80 сағаты да арзанға бағаланып жатыр. Қайтарылған активтің аукциондағы бастапқы бағасы – 150,1 млн теңге. Мамандар оны 214,4 млн теңгеге бағалаған. KUVA осы активті де 30%-ға түсірген. Сағаттың бұрынғы иесі кім екені белгісіз.

Бейсенбі күні барлығы 36 қайтарылған актив, оның ішінде 28 зергерлік бұйым және сегіз сағат аукционда сатылады.

Естеріңізге сала кетейік, ескі Қазақстан байларынан 1 млрд теңгенің зергерлік бұйымдары тәркіленген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар